қазақша · русский · english
 
 
 
03.11.2020

Жобалық менеджмент бойынша мастер-класс


2020 жылдың 3 қарашасында Мәдениет және спорт өнер институтының музыкалық білім және хореография кафедрасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Рухани қазына» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гаухар Тасбергенованың мастер-классы (Workshop) өтті. Іс-шара «6В11102 - Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттеріне «Жобалық менеджмент» оқу пәні аясында магистр, оқытушы Болатхан Назымгүлдің ұйымдастыруымен онлайн форматта өтті.


Интерактивті дәріс барысында шығармашылық және мәдени жобаларды құру, жобалық менеджмент техникасы, жобалық тәуекелдерді басқару, стейкхолдерлермен жұмыс және жобалардың өмірлік циклі мәселелері қозғалды.

 

   




Кері оралу