қазақша · русский · english
 
 
 
14.06.2016

 

Бітіруші түлек - 2016

 

«Музыкалық білім және хореография» кафедрасының «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша хор пәнінен мемлекеттік емтихан өтті. Хордың жетекшісі - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Светлана Төлеутайқызы Балағазова. Хор репертуарында орыс, шетел, отандық және қазақ халқының өңделген әндері, лайықтанған шығармалары, сонымен қатар, атап айтатын болсақ: Б.Ерзакович өңдеуінде жазылған қазақ халық әні «Еркем-ай», А.Оренбургскийдің өнделуімен қазақ халық әні «Тойбастар», Д.Кабалевскийдің «Бақыт» атты мектеп әндері, И.Дунаевскийдің «Мектеп вальсі», Ирвинг Берлиннің джаз стилінде жазылған «Puttin on the Ritz», Дж.Гершвиннің «Claр your hand», Дж. Кернтің «Роберт» мюзикылынан үзінді «Smoke gets in your eyes», М.Төлебаевтің сахыналық хор операсынан «Біржан Сара», «Жар-жар» және т.б. шығармалары орындалды. R. Stonehill «Shut De Do» (жеке аспапта бітіруші Андасов Қонысбай, вокалды соло орындаушысы 2 курс студенті Тұрсынбай Ботакөз) және жеке дауыста «Шалқысын шаттық айнала» атты «Абай» операсынан алынған шығарманы 3 курс студенттері Абдықалықов Шоқанмен Бекдаулет Арайдың дуетін ерекше атап көрсетуді жөн көрдік.

 

 

 




Кері оралу