Өнер факультеті |
18.03.2021
Республикалық конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушы - 2020»
2021 жылы 17 наурызда ұлттық мереке Наурыз қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушы - 2020» атағы үшін Республикалық конкурс жеңімпаздарын марапаттау аясында ресми және салтанатты іс-шара өткізді. Білім беру тарихында алғаш рет байқауға еліміздің 46 жоғары оқу орындарынан 150 оқытушы қатысып, онлайн-форматта байқау жеңімпаздары марапатталды. Министр Асхат Аймағамбетов жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеп, жұмыста одан әрі шығармашылық табыс және жеңімпаздарға өркендеу тіледі, оқытушы кәсібінің беделін арттыру бойынша одан әрі күрделі міндеттерді атап өтті. Марапаттарды тапсыру университеттердің ректорларына тапсырылды.
Бұл сайыста Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институтының педагогика ғылымдарының кандидаты, музыкалық білім және хореография кафедрасының доценті Лаура Шарипқызы Какимова қатысып, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушы - 2020» атағының иегері болды. Университет ректоры Такир Балықбаев республикалық байқаудың жеңімпаздарын салтанатты түрде құттықтап, оларға «Жоғары оқу орнының үздік оқытушы - 2020» атағына ие болған марапаттарды өз қолымен табыс етті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|