қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2021

Ғылыми айлық аясындағы ғылыми-әдістемелік семинар

 

Еліміздің білім және ғылым саласында болып жатқан әртүрлі ауқымды жаңалықтар, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы іс-шаралар Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымын да айналып өтпеді. Соның бір жағымды көріністері ретінде, оқу орнының қазіргі таңдағы өзекті түйткілдерді шешудің бір тұсы есебі, Ғылыми айлық өткізуі.

 

Аталмыш іс-шараға Өнер, мәдениет және спорт институтының дене шынықтыру және спорт кафедрасы да өзіндік үлесін қосуда. Соның бір айғағы ретінде, кафедра ғалымдары - профессор м.а. Е.К. Сейсенбеков, аға оқытушы А.Р. Әбішев, доцент А.Қ. Қарақовтың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 2 сәуірінде қазіргі таңдағы санитарлық-эпидемиологиялық хал-ахуалды ескере, онлайн-форматта ғылыми семинар өткізуі.

 

Ғылыми семинарды ұйымдастырушылардың бірі ретінде аға оқытушы Әбішев А.Р. іс-шараны алғы сөзбен ашып, семинар бағдарламасымен таныстырды. Артынша «Ы. Алтынсарин еңбектеріндегі оқу-ғылыми тақырыбы» тақырыбында баяндама жасады.

 

Ғылыми семинарда «Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс қимылдарын қалыптастыру бағытындағы өзгерістер» тақырыбында доцент Қарақов А.Қ. баяндама жасады.

 

«ХХ-ғасырдағы қазақ зиялыларының ұлттық ойындар туралы ғылыми ой-пікірлері» баяндамасымен профессор м.а. Сейсенбеков Е.К. сөз сөйледі.

 

Іс-шарада кафедра меңгерушісі Мухиддинов Е. жасалған баяндамалар жөнінде өз пікірін білдірді. Семинар жұмысын қорытындылай келе, А.Әбішев бұл іс-шара университеттің ғылыми қызметінде маңызды оқиға болғанын атап өтті.

 

       




Кері оралу