Өнер факультеті |
29.04.2021
Жоғары көркемдік білім берудегі ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың «Мәңгілік ел» идеясы контекстінде өркендеуі
2021 жылдың 28 сәуірінде Өнер, мәдениет және спорт институты «Дизайн» кафедрасында Ғылым айы аясында AP05130242 - «Жоғары көркемдік білім берудегі ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың «Мәңгілік ел» идеясы контекстінде өркендеуі» ғылыми жоба нәтижелерінің онлайн таныстырылым есебі өтті. Жоба мүшелері А. С.Сманова, С.А.Жиренов, Қ.Е. Ибраева, Л.Ш. Какимова, Р.Р. Берікбол, Ж.О. Небесаева, Қ.М.Бекболатова авторлық бірлестігінде шыққан «Көркемөнерден білім алуға арналған терминологиялық сөздік: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде» және «Көркем білім берудегі ұлттық сана мен мəдени құндылықтардың өркендеуі» ұжымдық монографияға презентация жасалды. Осы іс-шараға «Өнер, мәдениет және спорт» институтының профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор С.К.Қаржаубаева, Қ.А. Яссау атындағы ХҚТУ-дың доценті Е.Б. Әуелбеков қатысып, жобаның жастарды тәрбиелеу ісіндегі маңыздылығын атап өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|