қазақша · русский · english
 
 
 
10.11.2021

Түркиядан келген профессор Өнер, мәдениет және спорт институтында дәріс оқиды


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2021 жылы 19 шілде шыққан №349 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғалымдар санын бөлу жоспарын бекіту туралы» бұйрығы бойынша, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік профессор оқытушылар құрамын университетке шақырту, тәжірибе алмасу мақсатында, «Өнер, мәдениет және спорт» институты, «Дизайн» кафедрасына Түркия Республикасы, Анталья қаласы Ақдениз Университеті, «Мода және текстиль» дизайны кафедрасынан қауымдастырылған профессор, PhD Изиева Мариям Нехир келді.

 

Шетелдік маман «Дизайн» кафедрасының студенттері мен оқытушыларына (01.11.21 - 28.11.21ж) аралығында дәріс пен мастер класстар жүргізеді. Осыған орай қауымдастырылған профессор, PhD Изиева Мариям Нехир «макеттеу және модельдеу», «түрлі түсті графика», «профильді дизайнның элементтері мен үрдістері» және де «костюм композициясы» пәндері бойынша студенттерге дәріс берсе, ал «дизайн» және «көркем білім» кафедраларының оқытушыларына «Заманауи дизайн технологиясы» тақырыбы аясында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу