қазақша · русский · english
 
 
 
30.11.2021

Студенттеріміз самбодан Қазақстан Республикасының чемпионатында сәтті өнер көрсетті


2021 жылдың 26-29 қарашасы аралығында Талдықорған қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа барлығы 10 салмақ дәрежесі бойынша 350 балуан қатысты. Олардың қатарында университетіміздің студенттері де бар.


Дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері - Абенова Арайлым (+80 кг, 4 курс), Қайратқызы Әнел (65 кг, 2 курс), Елубай Гүлсім (54 кг, 1 курс) және Кенесары Аружан (72 кг, 1 курс -) жеңімпаз атанып Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады. Қалған балуандарымыз Жорабек Ерсұлтан (+98 кг, 4 курс), Қайсарбай Арыс (98 кг, 3 курс), Аюпова Гүзел (50 кг) , 3 жыл) - әрқайсысы өз номинациясында күміс медаль алды.

 

   




Кері оралу