қазақша · русский · english
 
 
 
23.12.2021

«Інжу-маржан» графика көрмесі


2021 жылғы 21 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты мен Шәкәрім университетінің «Өнер және музыка» кафедрасының бірлесуімен профессор, зерттеуші, суретші Нұрбұлан Нұғманұлы Өтепбаевтың «Інжу-маржан» графика көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.


Көрмеге Алматы қаласы әкімдігі, мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Алиев және университеттің стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шынғыс Нұрланов, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов қатысып, сөз сөйледі.


Суретші Нұрбұлан Өтепбаевтың қәзіргі таңға дейін зерттеп, жазып жүрген жұмыстары қазақтың салт дәстүрі мен мәдениетінің терең әрі мағыналы жағын көптеп қарастырған. Әсіресе Абай Құнанбайұлының идеалды, шынайы портретін жазған суретшілердің бірі болып табылады. Абай ұрпақтарына арнап көптеген туындыларын арнаған. Сондай-ақ көрмеге келушілер дизайн стилінде жасалған ою-өрнектің басқа суретшілердің туындыларына ұқсамайтын ерекше екенін атап өтті.

 

   

 

   

 

   

 

«Көркем білім және дизайн» кафедрасы

 

 




Кері оралу