Өнер факультеті |
18.03.2022
Рахым Шегебаевтың «Сырлы Әлем» жеке шығармашылық көрмесі
Көрмеге ректор Дархан Біләлов, әкімшілік және қаржы қызметі жөніндегі проректор Клара Искакова, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмуханбетов, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов қатысып, сөз сөйледі.
Суретші Рахым Шегебаев - 1947 жылы, 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1971 жылы Алматыдағы Н.В.Гоголь атындағы көркем-сурет училищесінде «Сурет сабағының мұғәлімі». 1975 жылы Абай атындағы Педагогика институтының «Көркем-сурет» факультетінің «Сурет жіне сызу пәнінің мұғәлімі» мамандығы бойынша тәмамдады. 1975-1992 жылдар аралығында ҚР Қызылорда көркем-сурет көрме дирекциясының меңгерушісі қызметін атқарған. 1992-1996 жылдары Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінң «Дизайн» факультетінде оқытушы.
1996 жылдан бастап, қазіргі таңға дейін Қызылорда облыстық Тарихи-өлкетану мұражайында көркем-сурет галереясының меңгерушісі.
Республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы. Туындылары дербес коллекциялар қорынан орын алады. Пейзаж жанрындағы шығармаларында даланың лирикалық көрінісі ерекше сипатталады. Табиғат құбылысының әрбір сәтін өз қолтаңбасына тән сезім бояуларымен таңбалайды. Сана-сезім мен фәлсапалық ой, көркем тілдегі ықшамдылық суретші шығармаларынан ерекше орын алған.
Қылқалам шеберінің негізгі тақырыбы - түркі дүниесінің ұлы ойшылы Қорқыт баба бейнесіне арналған.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|