қазақша · русский · english
 
 
 
24.03.2022

«Coffee Notes» кофеханасы мен «Жасампаз» галереясында шығармашылық жұмыстар сатылуының салтанатты ашылуы


2022 жылы 18 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің Өнер, мәдениет және спорт институтында Институттың даму стратегиясына сәйкес, студенттер мен профессор-оқытушыларға арналған «Coffee Notes» кофеханасы мен «Жасампаз» галереясында шығармашылық жұмыстар сатылуының салтанатты ашылуы өтті.

 

Галереясының ашылу салтанатына ректор Дархан Біләлов, әкімшілік және қаржы қызметі жөніндегі проректор Клара Искакова, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов қатысты.

 

Бұл шығармашыл студенттер үшін маңызды орталықтардың бірі болып табылады. Бұл кофехана мен галерея адамға шабыт берумен бірге, жұмыс процесінде идея беретін орта десек қателеспейміз. Институмызда «Дизайн» және «Көркем білім» кафедрасында оқып жатқан студенттердің шығармашылық жұмыстарын сату мақсатында құрылып отыр. Бұл институтқа және студенттерге табыс көзін алып келуші кіші бизнес орталығы.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу