қазақша · русский · english
 
 
 
28.03.2022

Қаскелең мәдениет колледжіндегі кәсіптік бағдар беру жұмысы


2022 жылдың 25 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов пен көркем білім кафедрасының меңгерушісі Ерлан Әсембайұлы Қаскелең мәдениет колледжінде (Алматы облысы) үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

 

Іс-шара жемісті өтті. Колледж оқушыларының ҚР суретшілер одағының мүшесі(1995), Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері (1996), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты(1998), ҚР Көркем академиясының корреспондент мүшесі (2008), Мұқағали Мақатаев сыйлығының иегері,(2008) Қожағұлов Тоққожа Мұкажанұлының шығармашылық кездесуі болды. Белгілі мәдениет қайраткері өзінің шығармашылық жолы, өзі басқаратын институт туралы айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Үгіт-насихат жұмыстары аясында 15-ке жуық жұмыс қойылды, біздің университет оқытушыларының шеберлік сыныбы өткізілді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу