қазақша · русский · english
 
 
 
31.03.2022

«Ақындар мен батырлар елі» топтық шығармашылық көрме

 

2022 жылдың 30 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының «Жасампаз» галереясында халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби-мемориалдық музейінің директоры, ҚР үздік өлкетанушысы, халықаралық ақындар мен айтыскерлер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Искаков Әуелбек, Алматы облысы Жамбыл ауданының ақындар мен батырларға арналған ескерткіштер кешенінің авторы Манапов Ахат және ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Тотеев Марат топтық шығармашылық көрмесін өткізді.

 

Көрмеге Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұханбетов қатысып, сөз сөйледі.

 

А. М. Ысқақов 1980 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің көркем-графикалық факультетін бітірген. 2011 жылдан халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев музейінің директоры. Жоғары санатты Педагог, «білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» халықаралық медалінің иегері, өзі басқарып отырған музей жанындағы Жас суретшілер үйірмесінің жетекшісі, көптеген ақындар мен жазушылардың кітаптарына бірқатар поэтикалық жинақтар мен графикалық иллюстрациялардың авторы.

 

А. А. Манапов 1982 жылы университетіміздің осы факультетін бітірген. Жамбыл ауданының сәулет бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. Алматы облысының осы өңірінің ақындары мен батырларына арналған ескерткіш кешендерінің авторы. Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін ҚР Ауған соғысы ардагерлерінің «Батыр шапағаты» медалімен және Өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдығына орай медальмен марапатталған. Қазіргі уақытта жеке шығармашылық жұмыспен айналысады.

 

М. Тотиев Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі. ҚР Ауған соғысы ардагерлерінің «Құрметті ұстаз» медалімен марапатталған. Қазіргі таңда Жамбыл аудандық өнер мектебінде жас суретшілерді тәрбиелеуде, көптеген халықаралық пленэрлердің қатысушысы.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу