қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2022

«Ғылым аясында» дөңгелек үстелі өтті


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2022 жылдың 4-14 сәуірі аралығында Ғылым онкүндігі өткізілуде. Осы орайда, Өнер, мәдениет және спорт институтының «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы 8 сәуір күні жас ғалымдармен кездесуге арналған «Ғылым аясында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.


Аталмыш ғылыми іс-шараның ұйымдастырушысы - «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мухиддинов.Дөңгелек үстелдің модераторы - «Дене шынықтыру және спорт» кафедраның аға оқытушысы Гүльнұр Казахбаева.


Спикерлер ретінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Қазақ спорт және туризм академиясының ғалымдары сөз сөйледі.

Ғылыми іс-шараның мақсаты - студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру, ғылыми әдістерді меңгеру, Scopus деректер базасына енгізілген рейтингтік журналдарда мақалалар жариялауға көмектесу, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми жұмыстарды дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар беру болды.
Ұйымдастырылған ғылыми шарада кафедра оқытушылары мен жас ғалымдар өз жоспарларымен бөлісіп, ғылыми-инновациялық саланы дамыту бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу