қазақша · русский · english
 
 
 
25.04.2022

«Көктем лебі» халықаралық шығармашылық көрмесі

 

2022 жылдың 22 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институтында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, институт директоры, профессор Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлының 60 жылдығына арналған «Көктем лебі» халықаралық көрмесінің ашылуы өтті. Шараны ұйымдастырушы-көркем білім беру кафедрасы.

 

Көрменің ашылу салтанатында университет ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов, кәсіби суретші Анарбек Нақысбеков, профессорлар Баймұрат Оспанов және Темірхан Ордабеков сөз сөйледі. Олар мерейтой иесінің шығармашылық және ғылыми-педагогикалық жолы туралы әңгімеледі. Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов жылы сөздері үшін ризашылығын білдіріп, үздік жұмыстардың авторларын марапаттады.

 

Шығармашылық шараға 96 суретші қатысты. Оның 32-сі-Ресей, Түркия және Қытайдан келген шетелдік қонақтар. Қалғандары-Алматы мен Облыстың мәдениет және білім беру мекемелерінің өкілдері.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу