қазақша · русский · english
 
 
 
25.04.2022

Т. М. Қожағұловтың «Уақытпен сырласу» көрмесі


2022 жылдың 22 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Жасампаз» галереясында Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұловтың «Уақытпен сырласу» шығармашылық көрмесі ашылды. Кәсіби түрде орындалған және қайталанбас мәнермен белгіленген суретшінің портреттік және басқа да композициялық жұмыстары ұсынылды. Өздеріңіз білетіндей, ол бейнелеу өнеріне «Тобаизм» бағытын енгізді.


Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне профессор, Ресей көркемөнер академиясының құрметті мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Өмірбеков Байтұрсын, ҚР Өнер академиясының президенті Ақанаев Амандос, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ерболат Төлепбай, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің деканы Бауыржан Байділда қатысты. Сөз сөйлеушілер өз әріптесін құттықтап, оған жаңа табыстар мен шығармашылық ұзақ ғұмыр тіледі.


Сондай-ақ, іс-шара барысында «Үнсіз музыка», «Өрелі өнер өрісі» кітаптарының және Қалила Омаровтың «Тоққожаның қызыл алмасы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу