қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2022

«Талапкер 2022» ашық есік күні

 

2022 жыл 29 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институтында Ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне Алматы қаласы мен Алматы облысы мектеп және колледж бітіруші түлектері қатысты.

 

Ашық есік күнінің мақсаты - педагогикалық мамандықтарды кеңінен насихаттау, педагогикалық жұмыстың беделін арттыру, жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірушілерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

 

Ашық есік күні төмендегі бағдарлама бойынша өткізілді:

- Институтын материалдық-техникалық базасымен таныстыру;
- Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттерінің өздері оқитын білім беру бағдарламаларын талапкерлерге презентация жасауы;
- Абай атындағы ҚазҰПУ-не түсу ережелері. Грант және ақылы оқу туралы;
- Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдастырумен концертік нөмірлер.

 

Ашық есік күнінің ұйымдастырушылары - Өнер, мәдениет және спорт институты мен студенттік өзін-өзі басқару.

 

  alt=     alt=  

 

  alt=     alt=  

 

  alt=     alt=  

 

  alt=     alt=  

 

  alt=     alt=  

 

  alt=  




Кері оралу