қазақша · русский · english
 
 
 
31.03.2017

27-28.03.2017ж. «Музыкалық білім және хореография» кафедрасында «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша сырттай оқийтын студенттерінің мемлекеттік емтиханы өтті. Пәннің бір бөлігі - ол хормен жұмыс жасау, хормен дирижерлау.

Мемлекеттік емтиханның төрағасы - Т.Жүргенов атындағы ҚақҰӨА-ың профессоры, педагогика ғылымдарының докторыРитта Рамазанқызы Жәрдемәлиева.  

Хордың орындауында студентік ән  «Gaudeamus», қазақ классикалық шығармаларынан - қазақ әні «Қамажай» Л.Хамиди өндеуінде, М.Сағатовтің «Алматым менің» Б.Демеуовтің өндеуінде, «Тоғай арасында» М.Төлебаевтікі, «Қыз Жібек» операсынан «Тұрғанда қара орманда» Е.Брусиловскийдің хоры; кенестік классика шығармаларынан -  Д.Б. Кабалевскийдің «Счастье» және т.б. шығармалар орындалынды.

Аралас хордың жетекшісі - п.ғ.к., қаум.профессор Светлана  Балагазова. Сүйемелдеуші: Алма Капсадыкова.




Кері оралу