қазақша · русский · english
 
 
 
26.10.2022

ҚР Қарулы күштерінің құрылу тарихы мен қызметі

 

2022 жылдың 24 қазанда Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер, мәдениет және спорт институтының «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының ұйымдастыруымен т.ғ.к, Жанат Бакированың «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылу тарихы мен қызметі» оқу құралының презентациясына байланысты дөңгелек үстел өтті.


Негізгі мақсаты - «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасында оқып, білім алып жатқан студенттерге Қазақстан республикасының әскери күштерінің кешенді қалыптасу барысы мен заман талабына сәйкес даму деңгейін ашып көрсету.


Қазақстан Республикасының Қарулы күшінің тарихы мен оның қоғамдағы алатын орнын ерекше зерттеуіміз керек, оған әлемде болып жатқан жағдай мәжбүр етіп отыр. Бұл мәселеге байланысты, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қалыптасып, дамуы мен заманауи жағдайын жан- жақты зерттеу әскери Отан қорғау туралы деректерді саралай отырып, кешенді еңбек жазу өте жоғарғы маңызға ие екендігі анық.


Кездесу барысында, студенттер қызығушылық танытып, ойландырып жүрген сұрақтарын қойып, белсенділік танытты.


Дөңгелек үстелге «Өнер мәдениет және спорт» институтының директоры Искаков Т.Б., «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі пед.ғ.к., профф Тастанов Ә.Ж., профессорлар: Халидуллин Г.К., Абишев А.С., к.мед.н.Тәукейұлы С.Т., Phd Ережепов Т.Т., аға оқытушылар: Құлатаев Қ.А., Рысқұлов Ө.Ө, Төлегенұлы Н, Ислямов Б.Б, Мектепбергенов Н.Е. Ахметова Г.Б. қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу