қазақша · русский · english
 
 
 
16.11.2022

Абай университеті студенті самбодан әлем чемпионатының жүлдегері


2022 жылдың 11-14 қараша аралығында Қырғызстанның Бишкек қаласында cамбо күресінен ересектер және әйелдер арасында әлем чемпионаты өтті.


Жарыстың мақсаты-халықаралық аренада самбо күресін дамыту және насихаттау, мемлекеттердің ынтымақтастығын арттыру және олардың достығын нығайту.


Жарысқа барлығы 50 мемлекеттің балуандары қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты дене шынықтыру және спорт кафедрасының 4 курс студенті Абенова Арайлым +78 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Абенова Арайлымның спорттағы тәлімгері - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сайдақов Еркін.

 

  alt=  




Кері оралу