қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2022

Өнер, мәдениет және спорт институтына Түркиядан профессор шақырылды


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылы 19 шілде шыққан №349 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғалымдар санын бөлу жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті халықаралық ынтымақтастық және шетелдік профессор оқытушылар құрамын университетке шақырту және тәжірибе алмасу мақсатында Өнер, мәдениет және спорт институты «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасына Нийде Омер Халисдемир университетінің профессоры, доктор Хикмет Кораш келді.

 

Шетелдік маман 2022 жылғы 5-31 желтоқсан аралығында «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының студенттеріне «Әлемдегі қазіргі әскери-саяси жағдай», «Әскери ынтымақтастықтың мәні мен рөлі. Әскери ынтымақтастықтың қажеттілігі», «НАТО ұйымы: тарихы мен қазіргі жағдайы, «Бейбітшілік жолындағы серіктестік бағдарламасы», «Жалпы Түркі тарихы» және т.б. тақырыптар аясында дәріс оқып, «Білім беру саласындағы инновациялық тәжірибелер» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсын институттың профессор-оқытушылар құрамына өтетін болады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу