қазақша · русский · english
 
 
 
13.12.2022

Абай университетінің профессоры «Жыл Алтын Адамы» атанды


2022 жылғы 10 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты «Дизайн» кафедрасының п.ғ.к., қауым.профессоры Канапьянова Раушан Хабдулмуталяпқызы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Еліміздің әлеуметтік -экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Жыл Алтын Адамы» номинациясымен марапатталды.


Алғыс хатпен Аманат партиясы атынан марапатталды. Еліміздің осы жылдар ішінде ішкі бірлігінің арқасында биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіз еліміздің даму жолында Р.Қанапьянова сияқты білікті мамандардың қажырлы еңбегі жатыр.

 

  alt=  

 

  alt=




Кері оралу