қазақша · русский · english
 
 
 
19.12.2022

№58 мектептегі студент-практиканттардың мерекелік концерті


2022 жылғы 15 желтоқсанда Алматы қаласындағы №58 мектепте Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасының 4 курс студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шараның ерекше маңыздылығы отанымыздың егемендігі мен бостандығы үшін күрескендерді еске алу болып табылады.Мерекелік концерт композициялық қойылым түрінде ұйымдастырылды.


Іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін мен азаматтықты тәрбиелеу, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыру. Музыкалық білім беру кафедрасының әдіскерлері Қамарсұлу Ибраева мен Светлана Балағазованың жетекшілігімен 4 курс студенттері Үкімет Нұрлыбек, Мағжан Жұмабаев, Әйгерім Мүбәракова, Құралай Төлеуіш, Мұрат Нұрбалымның орындауында халық композиторларының Құрманғазы, Дәулеткерей және т.б күйлерін және белгілі композиторлардың - Н.Тілендиев, Е.Хасанғалиев, Қ.Баекенов, А.Жолдаспаев, Е.Серікбаевтың шығармаларын орындады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу