қазақша · русский · english
 
 
 
20.12.2022

Тәуелсіздік күніне арналған турнир


2022 жылдың 5-19 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған спорт түрлерінен (волейбол, баскетбол, футбол) командалық турнир өтті. Алматы қаласы Спорт басқармасы ұйымдастырған жарысқа барлығы 65-тен астам команда қатысты.


Волейболдан (қыздар мен ұлдар), баскетболдан (қыздар мен ұлдар) Абай атындағы ҚазҰПУ командалары белсене қатысты.


Турнир қорытындысы бойынша Абай университетінің командасы (қыздар) күміс медаль жеңіп алды. Жаттықтырушысы - дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, спорт шебері Аделина Сүлейменова.


Волейболдан Абай атындағы ҚазҰПУ (ұлдар) екі команда құрап, күміс және қола медальдарға ие болды. Жаттықтырушысы - дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Ерік Исмаилов.


Баскетбол командасы (қыздар) 4-ші орынды, ұлдар 5-ші орынды иеленді. Жаттықтырушылары - дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары Жақып Қуаныш пен Темірханов Ерлан.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу