қазақша · русский · english
 
 
 
26.12.2022

Өнер, мәдениет және спорт институтында халықаралық дөңгелек үстел өтті

 

2022 жылғы 22-23 желтоқсанда Абай университетінде «Шығармашылық мамандықтарды даярлаудағы инновациялық тенденциялар» халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев және Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тайыржан Искаков ашты. Дөңгелек үстелге Өзбекстан, Түркия, Иран және Қазақстан мемлекеттерінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Іс-шара аясында Нигде Өмер Халисдемир университетінің профессоры Хикмет Кораш «Білім беру саласындағы инновациялық тәжірибелер» бойынша сөз сөйледі, ал Мукими атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының доценті Зулхумор Умарова «Өзбекстандағы дене шынықтыру сабағындағы инновациялық технологиялар» және оқытушысы Сахибахон Аскарова «Хор мен хортану оқытудағы инновациялық технологиялар» тақырыптарындағы зерттеулерін Қазақстанның білім беру жүйесімен салыстырмалы тұрғыда қарастырып өтті. Сонымен қатар институттың профессор-оқытушылар құрамы да өздерінің баяндамаларын ұсынып, дөңгелек үстел аясында көптеген мәселелер талқылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу