қазақша · русский · english
 
 
 
01.03.2023

Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Т.Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған кеш


2023 жылдың 28 ақпанында Абай университетінде Ұлттық тәрбие орталығының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Ерлігі ескірмейтін батыр» тақырыбында еске алу кеші өтті.

 

Кеш барысында бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, ҚР Құрметті спорт қызметкері Әділбай Тастанов «Қазақ батырына тағзым» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, Филология институтының «Үркер» театры қойлым ұсынып, көрермендердің назарын аударды. Кештің соңында Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Халықаралық қайырымдылық қорының жетекшісі Галина Бигелдинова өзінің әкесі жайында тарихи деректермен бөлісіп, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу