қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2023

«Дала әуені» көрмесі

 

2023 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күніне орай Өнер, мәдениет және спорт институты Алматы қаласы Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясымен бірлесіп «Дала әуені» көрмесі мен шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Іс - шара «Бабалар аманаты» ұлттық жобасы мен «Өнер - ұлттың асыл қазынасы» онкүндігі аясында өткізілді.

 

Көрмеге Өнер, мәдениет және спорт институты профессор-оқытушылар құрамы мен «Аманат АРТ» шығармашылық бірлестігінің демеушілігімен өнер пәнінің мұғалімдері қатысты. Іс-шараның салтанатты ашылуында Абай университеті Өнер мәдениет және спорт институтының директоры Тайыржан Искаков сөз сөйлеп, «Көркем білім беру» кафедрасының оқытушысы, шебер ұстаз Есенкелді Құлжабаев өрім өнері бойынша шеберлік сынып көрсетті. Сонымен қатар аталмыш іс-шараға өз үлесін қосқандардың арасында Қазақстанға танымал тұлғалар мен суретшілер - ҚР Суретшілер одағының мүшесі, профессор Жұмақын Қайранбаев, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Қанағат Көдеков, Қауымдастырылған профессор Канапьянова Раушан болды.

 

  alt=  




Кері оралу