қазақша · русский · english
 
 
 
13.11.2023

Клайпеда университетінің профессоры Өнер, мәдениет және спорт институтына шақырылды

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институтына Клайпеда университетінің (Литва) профессоры Станчене Даля Мария (Stančienė Dalia Marija) студенттерге, магистранттарға және PhD докторанттарға дәріс оқу мақсатында университетке келді.

 

Шетелдік маман 2023 жылдың 6 қазаны - 3 желтоқсаны аралығында Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттеріне «Жиль Делез - өмірдің субъективтілігі мен имманенттілігі туралы, өмірдің бір түрі ретінде», «Ганс Йонастың онтологиялық жауапкершілігі және өмір этикасы», «Эммануэль Левинастың этикалық феноменологиясы», «Морис Мерлот-Понтидің қабылдау феноменологиясы», «Джорджио Агамбен-адам туралы дискурс» және т.б. тақырыптар аясында дәріс оқыса, ал институттың профессор-оқытушылар құрамына «Ғылыми зерттеу жұмысы. Феноменология» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өтетін болады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу