қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2024

Бокстан ашық турнир

2024 жылдың 14-18 ақпаны аралығында «Жігіттер» квартетінің 20 жылдығына және республиканың халық әртісі, белгілі әнші әрі сазгер Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған бокстан ашық турнир өтті. Турнир барысында Абай университеті Өнер, мәдениет және спорт институтының 1 курс студенті 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Көшкін Құндыз ІІІ орынды иеленді. Ал ерлер арасында 80+ кг салмақта өнер көрсеткен сол институттың 1 курс студенті Мұрат Ақжол ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, 67 келі салмақ дәрежесінде 1 курс студенті Ергешбай Саят ІІІ орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу