Өнер факультеті |
19.03.2018
«Рухани жаңғырудағы ұлттық өнер» көрмесінің ашылуы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде 2018 жылдың 16 наурыз күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай «Рухани жаңғырудағы ұлттық өнер» көрмесінің ашылуы өтті.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстандағы ең алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. 1928 жылы «Қазақ мемлекеттік университеті» болып негізі қаланған оқу орынының алғашында тек педагогикалық факультеті болды. 1930 жылы халықтық білімнің қарқынды дамуына байланысты, жоғары оқу орнының атауы «Қазақ педагогикалық институты» (ҚазПИ) деп өзгертілсе, 1935 жылы институттың кәсіби педагог мамандарын дайындаудағы стратегиялық маңыздылығына қарай Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Сол жылдары білім ордасында дәрістерді қазақ ғылымы және мәдениет салаларының танымал тұлғалары Сакен Сейфулин, Темирбек Жургенов, Ураз Жандосов, Мухтар Ауэзов, Сабит Муканов, Бельгибай Шалабаев, Кудайберген Жубанов жүргізген.
1969 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің жанынан бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімдерін даярлауға арналған көркем-графика факультеті ашылды. Факультеттің түлектері Александр Бренер, Ерболат Төлепбаев, Даркенбай Шоқпарұлы, Николай Журавлев; Қазақстан өнерінің майталманы - Молдакул Нарымбетов, Есенгали Садырбаев және т.б. белгілі суретшілерді атап өтуге болады.
2014 жылы көркем-графика факультеті Өнер, мәдениет және спорт институты болып өзгертілді және 2017 жылы оған ЮНЕСКО Клубының мүшесі дәрежесі берілді.
90 жылдық тарихы бар білім ордасы бүгінде еліміздегі білім беру және педагогикалық ғылым жүйесіндегі бетке ұстар оқу орындарының бірі болып табылады. Отандық университет осы уақытқа дейін мәдениет, өнер және педагогика саласында көптеген жетістіктерге жетіп, ұлттық және әлемдік көркем өнерді насихаттауда зор үлес қосып келеді. Ал, институт студенттері халықаралық, республикалық: «Шабыт», «Серпер», «Дарын», «Шебер», «Жас жұлдыз» және т.б. сияқты түрлі байқаулардың лауреаттары. Институт оқытушылары мен студенттерінің шығармашылық туындыларын тек отандық галереяларда ғана емес, сонымен қатар Швеция, Түркия, Франция, Корея, АҚШ, Ресей, Чехия, Канада, Оман, Малайзия, Үндістан сияқты әлем елдерінен кездестіруге де болады.
Көркемдік білім беру жұмыстарының негізгі мақсаты тек шығармашылық потенциалды дамыту ғана емес, сондай-ақ, Қазақстан халқының санасын модернизациялау, Қазақстандағы патриотизмді және этникалық-мәдени кодты қалыптастыру болып табылады.
«Рухани жаңғырудағы ұлттық өнер» экспозициялық көрмесі Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушылары мен студенттерінің шығармашылық еңбегінің нәтижесі десе болады. Көрмеден бұғанға дейін қойылмаған кескіндеме, графика, мүсіндеу және қолданбалы өнер туындыларын кездестіруге болады. Ондағы портреттер, натюрморттар, пейзаждар, жанрлық композициялар мен қолданбалы өнер жұмыстары - отандық мәдениетіміздің байлығын көрсетеді.
Көрме 2018 жылдың 25 наурызына дейін жалғасады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|