қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2018

"Баку-2018" Универсиадасы

 

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні Әзербайжан астанасы Баку қаласында түркі тілдес халықтар арасында универсиада ойындарында дзюдо күресі бойынша жарыс өтті. Қазақстан құрамасынан қатысқан барлық дзюдошылар жеңіс тұғырынан көрініп, ел намысын абыроймен қорғады. Ел қоржынында 4 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Дене мәдениеті және спорт» мамандығының студенті Барах Мейрамбек 100 кг салмақта белдесіп қола медальға ие болды.

 

 




Кері оралу