қазақша · русский · english
 
 
 
03.11.2025

«Sound Rise» студенттік ұйымы «Disney саундтрек кешін» ұйымдастырды

 

2025 жылдың 31 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультетінің Sound Rise студенттік ұйымы ерекше форматтағы «Disney саундтрек кешін» ұйымдастырды.

Кеш барысында әйгілі Disney фильмдеріндегі танымал саундтректер орындалып, көрермендер балалық шақтың сиқырлы әлеміне саяхат жасады.

 

Студенттердің орындауындағы жанды музыка, сахналық көріністер мен шығармашылық безендіру шараның атмосферасын айрықша әсерлі етіп, қатысушыларға жылы көңіл күй сыйлады.

 

Іс-шара өнер факультеті студенттерінің музыкалық және актерлік шеберлігін паш етіп, көрермендер тарапынан зор ықыласқа ие болды.

 

 

 


  alt=  

  alt=




Кері оралу