қазақша · русский · english
 
 
 
15.12.2025


Жас суретшілердің шығармашылық есепті көрмесі

 

2025 жылғы 12 желтоқсанда Өнер факультетінде кескіндеме пәні бойынша ұйымдастырылған есепті көрме өтті. Бұл көрме - студенттердің оқу кезеңі барысында атқарған шығармашылық еңбектерінің маңызды қорытындысы.

 

Экспозицияға қойылған әрбір туынды - өзіндік ойы мен мазмұны бар, ерекше сезім мен бейнелеу тілі арқылы өрнектелген жеке шығармашылық ізденістің нәтижесі. Бояу үйлесімі, композициялық шешім, жарық пен көлеңкені беру тәсілдері студенттердің кәсіби шеберлігінің артып, шығармашылық тұрғыда қалыптасып келе жатқанын айқын көрсетеді.

 

Аталған көрме жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін танытып, олардың болашақ кәсіби жолындағы маңызды белес болып табылады.


Студенттерге шығармашылық жолда табыс, шабыт пен толағай жетістіктер тілейміз!

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу