Өнер факультеті |
14.05.2018
«Ұлы дала ұрпағын салауатты өмір салтына тәрбиелеу» дөңгелек үстелі
2018 жылдың 11 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің құрылғанына 90 жылдығына орай «Ұлы дала ұрпағын салауатты өмір салтына тәрбиелеу» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шара Сауықтыру дене мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к. Асылхан Әбішев пен п.ғ.к., доцент Ерлан Сейсенбековтың ұйымдастыруымен өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында аталмыш кафедра ұжымымен қоса, іс-шараға сырттай қатысушы Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандардың баяндамалары тыңдалды.
Іс-шараға Университеттің ғылыми жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, бас ғалым хатшы Жанар Сейсенбаева, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Нұрдәулет Исабек, аталмыш институттың академиялық ұтқырлық және ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Аман Ибрагимов шақырылды.
Аталмыш іс-шараны ұйымдастырушы Асылхан Әбішев өз сөзінде дөңгелек үстелдің республикалық деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде өткізілгенін атап өтті. Дөңгелек үстел ұйымдастырушыларына шетелдік әріптестерден тақырыптың өзектілігі мен заманауи өскелең ұрпақтың тәрбиесіне деген әртүрлі деңгейлік және бағыттағы көзқарастар сипатталған ғылыми мақалалар жолданғанын, олардың ішінде Болгариядан 2 мақала, Сербиядан 1 мақала, Ресейден 1 мақала, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Тараз және Алматы қ. келіп түскені туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде, п.ғ.к., доцент Ерлан Сейсенбеков іс-шараға қатысушыларды алыс-жақын шетелдерден келген мақалалардың мазмұнымен таныстырды.
Пікірталас барысында университет профессоры Болат Сақаев өз ойын: «Қазіргі кезеңде өскелең ұрпақтың тәрбиесін қазақтың ұлттық ойындары арқылы, халық педагогикасына сәйкестендіріп жасау керек...» деп жеткізді.
Пікірталас соңында іс-шараға қатысушылар өз ойларын ортаға сала отырып, жастардың тәрбиесіне оң әсер беретін осындай ауқымды да, қоғам мен ортаққа пайдалы іс-шаралардың бола беруіне, тәрбиеге байланысты мамандық иелерінің, мысалы, Педагогика, Психология кафедраларының ПОҚ, және басқа да жанашыр ұстаздар қауымының қатысуы туралы тілек білдіріп, ізгі ниетпен тарқасты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|