қазақша · русский · english
 
 
 
18.05.2018

Люция Тулешеваның мастер-классы

 

2018 жылдың 16 мамыр күні Өнер, мәдениет және спорт институтында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденның иегері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Люция Хажгалиевна Тулешеваның мастер-классы өтті.


Белгілі әнші-педагог өзінің шәкірттері - қазақ эстрада жұлдыздары, оның ішінде Гаухар Каспакова, Сәкен Майғазиев, Әлішер Карімов, Қайрат Түнтеков, Мөлдір Әуелбекова, Нұрлан Албан, Бағым Мухитденова және т.б. шәкірттері туралы әнгімелеп, 5В010600-Музыкалық білім мамандығының студенттері Саламат Ауезов, Жібек Бекмұхамбетова, Нұржігіт Аманбековке эстрада өнерінің кәсіби құзыреттіліктері мен әдіс-тәсілдері туралы баяндады.

 

         

 

         

 

         

 




Кері оралу