қазақша · русский · english
 
 
 
03.10.2018

ҚазҰПУ футбол командасы - жарыс жүлдегері!

 

Қыркүйектің 26-30 күндері аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде  Академик Тоқмұхамед Салменұлы Садықовтың 80-жылдығына орай футболдан студент - жастар арасында Ресбуликалық турнир ұйымдастырылды, жарысқа 11 команда катысты.

 

Жарыстың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, студенттерді өзара достыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу, футболдың дамуыны үлес қосу. Финалдық кезеңге Спорт және туризм қазақ академиясы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін 1:0 есебімен ұтып жарыстың жеңіпазы атанды.

 

Біздің Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет командасы 3 орынға ие болды. Командамыздың жеңіске жетуіне «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Жомарт Қартабай, 2 курс студенттері Бекежан Батаев, Ислам Рахманов, Бекзат Мұрат, Сейіл Жанқожа, 1 курс студенттері Даулет Диас, Біржан Жарылқасын , Алмат Тулебаев өз үлестерін қосты.

 

   

 

   




Кері оралу