Өнер факультеті |
16.11.2018
«Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2018 жылдың 15 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына арналған «Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияда талқылауға ұсынылған негізгі бағыттар: 1. Мәдени мұраны сақтаудағы мәдениет жақындастығының халықаралық онжылдығы бағдарламасының рөлі; 2. Қазіргі заманғы технологияларды дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері; 3. Ақпараттық қоғам және 4-ші өндірістік жаңғыру кезеңдегі мәдениет; 4. Спорт заманауи қоғамның мәдени мұрасы ретінде; 5. Материалды емес мәдени мұра жас өспірімдерді жалпыға ортақ ойды дамыту жағдайындағы тәрбиелеу құралы ретінде; 6. Мәдениаралық байланыстардың кейбір мәселелері.
«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: п.ғ.д., профессор Қайрат Адамбеков («Спорт тұлғаны әлеметтендіру факторы ретінде»), м.ғ.д., профессор Шәмшадин Балғынбеков («Қазіргі кездегі студент жастардың қозғалыс белсенділігінің көрсеткіштері»), п.ғ.д., профессор Алма Ильясова («30-40 жастағы ересектер адамдардың функционадық мүкіндіктері») баяндама жасады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|