қазақша · русский · english
 
 
 
22.02.2019

Ерлік, патриотизм, ұлттық білімнің ерекшеліктері туралы

 

21 ақпанда «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасында Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовамен кездесу болып өтті. Кездесу «Бастапқы әскери дайындық» және «Дене мәдениеті және спорт» мамандықтарының қатысуымен өтті.

 

Бауыржан Момышұлы - Қазақстан тарихындағы көрнекті тұлға, даңқты қолбасшы, Кеңес одағының батыры, қазақтың көрнекті әскери жазушысы. Автордың кітаптары мен даналық сөздері патриотизмге толы. Бауыржан Момышұлы әдебиеттің негізін қалаған жазушы ретінде танылған. Бұл көрнекті тұлғамыздың келесі ұрпаққа деп қалдырған мұрасы.

 

Кездесуде қаһармандық, патриотизм, ұлттық білімнің ерекшеліктері туралы ой өрбіді. Зейнеп Ахметова Бауыржан Момышұлының келіні ретінде ата тәлімі туралы әңгімелерінің «Шуақты күндер» деген атпен жарияланғанын айтты. Бұл кітап - «Бабалар Аманаты» атпен жалғасын тапқан. «Күретамыр» кітабында ұлттық салт-дәстүр мен ырым-тиымдардың мән мағынасын айтып өтті.

 

Кездесу барысында студенттер өздерінің қызықтырған сұрақтарына жауап алып, рухани байи түсті.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу