қазақша · русский · english
 
 
 
21.05.2019

«Менің дертім - сурет өнері» тақырыбында кездесу өтті

 

2019 жылы 18 мамырда Өнер, мәдениет және спорт институтына қарасты «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 50 жылдығына орай университетіміздің ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қырғыз, Рессей, Чехия суретшілер академиясының толық мүшесі, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлегі, профессор Ерболат Төлепбаймен «Менің дертім - сурет өнері» тақырыбында кездесу өтті.

 

Кездесуде университет ректоры Такир Балықбаев құттықтау сөз сөйледі. Кездесу кешін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлектер қауымдастығының директоры Болатбек Нұрболатов жүргізді. Кешке университетіміздің түлектері ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Байтұрсын Өмірбеков, профессор Берікжан Әлмұхамбетов т.б. қонақтар мен институт және «Көркем білім» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

Кездесуде қылқалам шебері өзінің өнер және өмір жолындағы тәжірибесімен, еңбектері және жетістіктерімен бөлісіп, адамзат әлеміне, ұлтымызға, жас ұрпаққа рухани тәрбиелік маңызы бар әңгімелер айтты. Университетіміздің ректоры қылқалам шеберін университетіміздің 90 жылдық мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады. ӨМжСИ-дің директоры Тоққожа Қожағұлов әйгілі суретшіге институт атынан арнайы естелік сый-сыйапаттар табыс етіп, ризашылдығын білдірді. Сонымен қатар, Ерболат Төлепбай университетіміздің сурет галериясымен танысты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

Көркем білім беру кафедрасы




Кері оралу