қазақша · русский · english
 
 
 
04.10.2019

Қазақстан Республикасының халық әртісі Гүлвира Разиевамен кездесу

 

Мұғалімдер күні мен өнер, мәдениет және спорт институтының 50 жылдық мерейтойы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ардагер ұстазы, Қазақстан Республикасының халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері Гүлвира Тұрсынқызы Разиевамен шығармашылық кездесу өтті.

 

Қазақ радиосы мен теледидарының алғашқы солисттерінің бірі, музыкалық драма және комедия театрының солисті Гүлвира Турсунқызы қазақ эстрадасының бастауында тұрды. Қазіргі Қазақстандық композиторлардың шығармаларын, әлемдік және ұлттық қазақ, ұйғыр музыкалық мәдениетінің үздік вокальдық шығармаларын насихаттады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, өзінің құттықтау сөзінде Гүлвира Тұрсынқызы Разиеваның еліміздегі музыкалық мәдениет пен білімді дамытуға қосқан зор үлесін атап өтіп, оған университеттің Құрметті профессоры атағын беру туралы ғылыми кеңестің 27.09.19 жылғы шешімін жариялады.

 

Салтанатты концертке Өнер, мәдениет және спорт институтының Музыкалық білім және хореография кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу