қазақша · русский · english
 
 
 
05.11.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ профессорларыТүркиядағы халықаралық конгреске қатысты


2019 жылдың 26 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Өнер, мәдениет және спорт институты Музыкалық білім және хореография кафедрасының профессорлары Ибраева Қамарсұлу Ершатқызы және Балагазова Светлана Төлеутайқызы Түркияның Мармара университетінде (Стамбул, Түркия) өткен «Білім берудегі жаңа перспективалар» тақырыбындағы Халықаралық конгреске қатысты.


Конгресс аясында жоғарыда аталған оқытушылар музыкалық өнер кафедрасының студенттері мен оқытушыларына «Қазақстан композиторларының фортепиано шығармашылығының түркі дәстүрі» (К. Ибраева), «Абай әндерін хорға арналған өндеулерді орындау ерекшеліктері» (С.Балагазова) атты шеберлік сыныптарын өткізді.


Мармара университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастықтың келешегі, атап айтқанда студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, педагогикалық мамандықтардың қос дипломды білім беру бағдарламаларын ашу, бірлескен ғылыми жобалар жәнет.б. бойынша жүзеге асырылуда.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу