қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2019

Қайырымдылық - адам жанының нұры


2019 жылы 18 қараша күні Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұловтың қолдауымен №1 қалалық балалар үйінде «Абай» кітапханасы ашылды. Осыған байланысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркін Қайшыбеков №1 студенттер үйінің меңгерушісі Гүлжан Искакова, 4 курс студенті Азамат Молдахан және студенттерінің ұйымдастыруымен қайрымдылық іс-шара өткізді.


Қайырымдылық шарасында Абай Құнанбайұлының шығармалар жинақтары және университетің сыйлық бұйымдары сонымен қатар тұрмысқа керекті заттар сыйға тартылды. Ұйымдастырушылар сонымен қатар балалар үйінің ауласында сенбілік ұйымдастырып татулық пен бірліктің, еңбекқорлықтың үлгісін көрсетті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу