қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.04.2022

«Биология көшбасшысы» интеллектуалды сайысы

 

2022 жылғы12 сәуірде Ғылым декадасы аясында Жаратылыстану және география институты «Биология» білім беру бағдарламаларының оқытушылары: Толғанай Алтынбек, Жазира Жарылқасынова, Ботакөз Джолтукованың ұйымдастыруымен «6В01513 - Биология» мамандығының 2 курс студенттері арасында «Биология көшбасшысы» интеллектуалды сайысы өткізілді.

 

Сайыс 4 кезеңнен тұрды: 1) «Не? Қайда? Қашан?» 2) Менталды карта құрастыру 3) «Тәжірибе - таным көзі» 4) «Қызықты биология».

 

Әділ-қазылар мүшелері - Жаратылыстану және география институтының ғылым, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Махаббат Аманбаева, аға оқытушы Дина Кулжанова, аға оқытушы Ерлан Бірталаев, аға оқытушы Назгүл Отарова өз әділ бағаларын берді.