қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2023

«Мен - кәсіпқой маманмын» зияткерлік байқауы

 

2023 жылғы 11 сәуірде Ғылым онкүндігі аясында Жаратылыстану және география институтының биология кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен 2 курс студенттері арасында «Мен - кәсіпқой маманмын» зияткерлік сайысы өтті. Сайысқа «6В01513 - Биология» мамандығының 2 курс студенттері арасынан 6 топ қатысты. Сайыс 3 кезеңді құрады: «Ұяшық таңдау» деңгейлік сұрақтар; Менталды карта құрастыру; «Тәжірибе - таным көзі» тәжірибелік кезеңі.

 

Аталған кезеңдер бойынша қатысушы студенттер өте жоғары деңгейде белсенділік көрсетті. Сайыс қатысушылары қазылар алқасының шешімімен тиісті дипломдарын иеленіп, ынталандыру сыйлақтарына ие болды. Сайыс өте тартысты әрі танымды болды.

 

Іс-шара ұйымдастырушылары - аға оқытушы Джунусува Р.Ж., PhD Секерова Т.М., магистр оқытушылар Отарова Н.И., Жарылқасынова Ж.М., Жайлыбаева Т.М., Джолтукова Б.И., Төлеген А.А., Талдыбай А.А., Оразбаева Н.Б., Сейдехан М.Қ.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу