қазақша · русский · english
 
 
 
19.10.2023

Биология кафедрасының 2 курс магистранттары үшін педагогикалық іс-тәжірибенің таныстыру конференциясы

 

2023 жылдың 17 қазанында Жаратылыстану және география институты Биология кафедрасының «6В01513-Биология», «6В05101-Биология», «6В05109-Биотехнология» мамандықтарының 2 курс магистранттары үшін педагогикалық іс-тәжірибенің таныстыру конференциясы өтті. Іс--шараға кафедра меңгерушісі А.Д.Майматаева, кафедра оқытушылары Г.А.Абдикаримова, Г.К.Ташенова, Г.С.Камиева және 2 курс магистранттары қатысты.

 

Кафедра меңгерушісі А.Д.Майматаева магистранттарды педагогикалық іс-тәжірибенің басталуымен құттықтап, іс-тәжірибе барысында атқаратын жұмыстарымен таныстырды. Кафедра бойынша іс-тәжірибе жұмыстарына жауапты Г.С.Камиева магистранттарға педагогикалық іс-тәжірибе құжаттарын дайындау және рәсімдеу туралы ақпарат берді.

 

Конференция барысында магистранттар өздерін толғандыратын сұрақтарына жауаптарын алды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу