қазақша · русский · english
 
 
 
31.10.2023

Орыс профессорының семинары

 

2023 жылдығ 23-27 қазанында Абай университеті Жаратылыстану және география институтында Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (Ресей) биология және адам физиологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Сергей Суматохин «Биология мен биологиялық білім берудегі өзекті мәселелер» атты тақырыпта семинар өткізді. Іс-шараға биология кафедрасының «8D01513-Биология» мамандығының 3-курс докторанттары: Аубакир Айдана, Ибадулла Сымбат, Кауынбаева Эльмира және 4 курс студенттері қатысты. Семинар барысында. С.С. Суматохин «TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижелері бойынша оқу жетістіктерін бағалау» тақырыбында өзекті де маңызды мәселелерді талқылады. Аубакир Айдана «Биология сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім алушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі» тақырыбында баяндама оқыды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу