қазақша · русский · english
 
 
 
21.11.2023

Биология кафедрасының докторанттары ММПУ тағылымдамадан өтуде

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының «8D01513-Биология» мамандығының докторанттары - Ибадулла Сымбат, Аубакир Айдана, Кауынбаева Эльмира Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей) ғылыми тағылымдамадан өтуде. Олар аталмыш университеттің «Биология және адам физиологиясы» кафедрасының меңгерушісі Сергей Суматохиннен диссертациялық жұмыс бойынша кеңес алып, кафедра оқытушыларымен тәжірибе алмасуда. 2023 жылдың 16 қарашасында басталған ғылыми тағылымдама 2 аптаға жоспарланған.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу