қазақша · русский · english
 
 
 
23.05.2024

3-ші курс студенттерінің өндірістік іс-тәжірибесінің таныстыру конференциясы

 

2024 жылдың 23 мамырында Жаратылыстану және география факультетінің 3 курс «6В05101-Биология» БББ білім алушыларына өндірістік іс-тәжірибенің таныстыру конференциясы өтті.

 

Г.С.Камиева  студенттерді іс-тәжірибе нысандарының – «Ботаника және фитоинтродукция институты», «ҚР ҒЖБМ ҒК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институты» ШЖҚ РМК – келісім-шарттарымен таныстырды және іс-тәжірибе құжаттары туралы түсіндірме ақпараттар ұсынды. Іс-тәжірибе жетекшісі Г.А.Абдикаримова студенттермен іс-тәжірибе бағдарламасын, жоспарын, графигін талқылады. Студенттердің теориялық білімін жауапкершілікпен тәжірибемен ұштастыратынына сенім білдірді.

 

Конференция барысында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарына жауаптарын алды.


 

  

 




Кері оралу