
«Биология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Биология» кафедрасы / Жаңалықтар
26.11.2025
Семинардың мақсаты: Lesson Study әдістемесінің мазмұны мен құрылымын талдай отырып, оны мектеп тәжірибесіне тиімді енгізудің жолдарын көрсету, педагогтердің кәсіби дамуындағы рөлін нақтылау және сабақты бірлесіп жоспарлау, бақылау және талдау арқылы оқыту сапасын арттыру.
Семинарға Абай университетінің ЮНЕСКО кафедрасының шақыртуымен келген Білім беру психологиясы бойынша философия докторы, халықаралық деңгейдегі беделді қоғамдастық – Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының сарапшысы (OECD), тәуелсіз кеңесші Клеа Фернандез, Абай атындағы ҚазҰПУнің ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі профессор А.Берикханова, Биология кафедрасының меңгерушісі А.Майматаева, биология кафедрасының профессор-оқытушылары, Алматы қаласы мектептерінің мұғалімдері мен университет студенттері қатысты.
Семинарда 6В01513-«Биология» ББ 4 курс студенті Нұрай Нұрғалиқызының 10 "Ә" сыныбына "Митохондрияның құрылымдық компоненттері және олардың қызметі" тақырыбына өткен зерттеу сабағына талдау жүргізілді. Жетекшісі Г.Камиева сабаққа кері байланыс ұйымдастырды. №178 мамандандырылған лицейдің мұғалімдері М.Алипова, Н.Бақытжан, Г.Ақын «Жаратылыстану пәндерін оқытуда Lesson Study әдісін қолдану» тақырыбына шебер-сынып ұйымдастырды. Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның мұғалімі Маймышева А.А. «Оқудағы қиындықтарды анықтау және бірлесіп шешу жолдары» тақырыбына тренинг өткізді.
Семинар тәуелсіз кеңесші Клеа Фернандез пен мектеп мұғалімдеріне, профессор-оқытушыларға ерекше әсер қалдырды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|