қазақша · русский · english
 
 
 
01.12.2025

4 курс студенттерінің педагогикалық практика барысындағы ашық сабағы өтті

 

 

 

2025 жылдың 25 қарашасында Алматы қаласының Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда  Абай атындағы Қазақ ҰПУ 6В01513-«Биология» ББ 4 курс студенті Нұрғалиқызы Нұрай  10 "Ә" сыныбына "Митохондрияның құрылымдық компоненттері және олардың қызметі" тақырыбына ашық сабақ өтті.

 

 

Сабаққа Абай атындағы ҚазҰПУ биология кафедрасының меңгерушісі PhD А.Майматаева, ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі профессор А.Берикханова, Білім беру психологиясы бойынша философия докторы, халықаралық деңгейдегі беделді қоғамдастық – Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының сарапшысы (OECD), тәуелсіз кеңесші Клеа Фернандез, биология кафедрасының оқытушылары – Э.Кауынбаева, Т.Секерова, А.Талдыбай Р.Аманжолов, Г.Камиева, 6В01513-«Биология» ББ 4 курс студенті А.Олжатай, №178  мамандандырылған лицейдің мұғалімдері М.Алипова, Н.Бақытжан, Г.Ақын,  Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның оқу ісінің меңгерушісі Ж. Оспанбаева қатысты.

 

 

Н.Нұрғалиқызы сабағында ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 592 қаулысына сәйкес  жасанды интеллект қолданды. Canva.AI, ChatGPT, Fliki.ai – бағдарламаларымен бейнероликтер мен тапсырмалар дайындап, сабақта оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмалар орындатты.

 

 

Тәуелсіз кеңесші Клеа Фернандез пен сабаққа қатысушылар Lesson Study әдісіне негізделген сабаққа жоғары баға берді. Өз кезегінде студенттер осындай мүмкіндік берген университет ұжымына және университет қонағы, тәуелсіз кеңесші Клеа Фернандез ханымға алғысын білдірді.

 




Кері оралу