
«Биология» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Биология» кафедрасы / Жаңалықтар
08.12.2025
“Халықаралық V Өсімдіктер селекциясы” конгресі өтті
Абай атындағы ҚазҰПУ, Жаратылыстану және география факультеті, Биология кафедрасының оқытушылары, PhD Бакиров Серік Бәкірұлы ҚР ҒЖБМ ғылым комитеті қаржыландыратын “Жас ғалым” жобасы аясында (AP25795907) және қауым.профессор Ғалымбек Қанат универсиеттің интеграциялық жобасы (03 сәуір 2025 жылғы №05-04/250 бұйрығы) аясында Түркия, Анталия қаласында 2025 жылдың 1-5 желтоқсан аралығында өткен “Халықаралық V Өсімдіктер селекциясы” конгрессіне қатысты. Конгресстің мақсаты: Өсімдіктер селекциясында түрлі бағыттар бойынша соңғы жаңалықтар мен жетістіктерді талқылап, климат өзгерісінің әсерін азайтуға бағытталған инновациялық стратегиялар мен заманауи селекция әдістерін ұсыну. Халықаралық Өсімдік Селекциясы Конгресі (IPBC) 2013, 2015, 2017 және 2022 жылдардан бері әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар үшін идея алмасу мен жаңалықтарды талқылау алаңы болды. Конгресс барысында әлемнің жетекші ғалымдары тың идеяларын, зерттеу жұмыстарын ұсынып, баяндама жасады. Бакиров Серік және Ғалымбек Қанат өздерінің зерттеу жұмыстары бойынша постерлік баяндамалар жасап, арнайы сертфикаттармен марапатталды. Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|